Қордай ауданы, Сортобе ауылы, «Мисбахуль-ислам» мешітінде мектепке жол акциясы болып өтті. 101 шәкіртке мектепке керек құрал-жабдықтар, сөмке берілді. Имам оқушыларға жеке-жеке үлестіріп, білім жолында озат болсын деген жылы лебізін білдірді.
Бір емес бірнеше баланы мектепке дайындау көпбалалы бір отбасы үшін оңай соқпайтындығы баршамызға мәлім. Осы сәтте ҚМДБ бастаған науқан тұрғындарды қуантып келеді. Аталған науқан оқу жылы басталғанша жалғасын таппақ. Жас бүлдіршіндерге жалпы 400 000 тг көлемінде қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі