Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы «Тілеш қажы» мешіті жамағатына арнайы облысымызға іс-сапармен келген Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Отаров Ілиясты жамағатқа таныстырып, «Көркем мінездің пайдасы» тақырыбында насихат айтты.
Отаров Ілияс: «Қанағат» сөзі тілдік тұрғыда «өзіңе тиген үлеске разы болу» деген мағынаны білдіреді. Шариғи термин ретінде «қанағат» деп – адамның өзінде барына шүкірлік етіп, өзгенің мал-мүлкіне көз сүзбеу, тойымсыз әрі ашкөз болмауды айтамыз.
Қанағат – дүние және ақырет бақытының кілті. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 97-аятында: «Кімде-кім ер не әйел болсын мүмин ретінде (салиқалы) игі іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз», – деп айтқан.
Аталмыш аяттағы: «жақсы тіршілікте жасатамыз» дегенді тәпсірші ғалымдарымыз: «ол адамның жүрегіне қанағат беріледі», – деп түсіндірген», - деді.