#Байзақ: АҚҚИЯ МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ» САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

#Байзақ: АҚҚИЯ МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ» САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аққия ауылдық «Аққия» мешітінің ұйымдастыруымен бір айға жалғасқан «Имани жаз» сауат ашу курсы аяқталды.

 Арнайы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, 4-ші аймақ жетекшісі, «Кеңес» мешітінің имамы Ғали Олжабайұлы және Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінің молдасы Қадірбек Әбенұлы сауат ашу курсына қатысқан бүлдіршіндерден эмтихан алып, үздіктерді анықтады.

Шара барысында Қанат Әділханұлы бүлдіршіндерге: «Соңғы елші Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келуімен қараңғылықтың бұлты сейілді. Адамзатқа бақыт әкелетін Ислам дінін жеткізу үшін Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Құран аяттары түсірілді. Ең алғашқы түскен аят: «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерін білдірді», – деп, оқуға, білімге бұйырған. Міне осыдан бастап, Ислам ғылым-білім діні екенін дәлелдеді. Ал ғылым адамдардың санасын оятып, тапталған құқықтарының қорғалуына, өркениетке қол жеткізуге септігін тигізді.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әрбір сәтінде сахабаларын оқып-білуге, білгенін іске асырып, өзгелерді де үйретуге шақырған. Мысалы, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандардың сауатын арттыру үшін Бәдір соғысында қолға түскен меккелік тұтқындардың оқу-жазу білетіндеріне 10 мұсылманға оқу-жазу үйрету шартымен азаттық берген. Пайғамбар мешітінің жанынан қоныс аударып келген жағдайы жоқ сахабаларға арнайы жай әзірлеп, мешітке жинап, іліммен шұғылдануға жұмылдырған. Хадис шәріпте: «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан, - деп «Білім алудың екі дүниеде пайдасы бар» тақырыбында насихатын айтты.

Шара соңында бір ай бойы үздік оқыған бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар беріліп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: