Жамбыл облысы, Сарысу аудандық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жұма күні мешіт жамағаттары керемет оқиғаға куә болды. Еңбегіне қарай зейнеті демекші 12 жыл бойы мешітте азан шақырып, намаз өткізіп, дініміз исламға қызметін атқарып келе жатқан Молдаханов Нұртөлеу имамға мешіт жамағаты кіші қажылыққа жолдама берді.
Бағалай білсен бақ қонады дегендей жол ақысына 100 000 теңге табыстап, Нұртөлеу имамды мешіт жамағаты тағы да қуантты. Мешіт ақсақалдары имамның қажылыққа аман есен барып келуін тілеп, батасын берді. Нұртөлеу имам мешіт жамағатына өз ризашылығын білдіріп, ауызбіршілікпен ынтымақ болсын деп дұға жасады.