Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің дәретханасы жамағатқа қолданысқа берілді. Айтулы шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдары мен мешіт ұжымы және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермеков Серік, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Балабеков Серік, кәсіпкер азаматтар және мешіт жамағаты қатысты.
Бейбіт Әліпбекұлы: «Адам баласы тазалыққа өзінің діни және дүнияуи істерінде мұқтаж болғандықтан, дінімізде тазалық мәселесіне ерекше мән берілген. Алла Тағала Құранда: «Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222-аят) – деген. Мұсылман адам өзінің жаны мен тәнінің тазалығына аса мән беруі тиіс. Өйткені, жан мен тән тазалығына мән беру – Раббымыздың сүйіспеншілігіне бөленуге апаратын іс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде тазалықтың маңыздылығына байланысты: «Тазалық – иманның жартысы», - деп айтқан.», - деп жиналған көпшілікке насихатын айтты.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы келген жамағатқа дәретхана құрлысының сәтті аяқталғанын айтып, дәретхананың ерекшеліктерін баяндап өтті. Облынға бас имамы нысанға жоғары баға беріп, атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.