Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылының «Мәдениет үйінде» 12 тамыз халықаралық жастар күніне орай «Жаңа Қазақстан жастары» атты жастарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Аталған тренингке ауыл имамы Ескендір Шаршенұлы да қатысқан болатын.
Дін қызметкері жастарға өз ақылын айтып, «болашақ - білімді жастардың қолында» екендігін еске салды. Халық жастарға сенеді. Ал жастар бұл сенімді қалай ақтауда? Қоғамда жақсы мен жаман бірге жүреді десе де, қазіргі қоғамның көп бөлігі рухани байлығы мол, таза ойлы, терең білімді және қайратты жастардан тұрады.
«Ел боламын десен, бесігіңді түзе» деген атам қазақ. Біздің ел үшін, дарынды да жігерлі ұрпақтардың орны қашанда бөлек. Жастардың сенім, жігері қару болса, онда талпынысы мен қадамы тіптен үлкен дүние. Халық, жастарды дұрыс қанаттай білсе, олардың шықпайтын шыңы қалмайды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі