#Жамбыл: Тіл кесапаттары

#Жамбыл: Тіл кесапаттары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде іс-тәжірибеден өтуге келген студент аудандық мешіт жамағатына «тіл кесапаттары» турасында уағыз айтты. Алла Тағаланың адамзат баласына берген ерекшеліктерінің бірі – сөйлеу нығметі. Адам сөйлеу арқылы ішіндегі сезімдері мен ойын екінші бір кісіге жеткізеді.

Өзіне берілген осы нығмет үшін пенде атаулы Жаратушысына шүкір етіп, дұрыс сөз сөйлеп, күнәлі сөздерді айтудан сақтануы қажет. Асыл дінімізде дұрыс сөз сөйлеуді бұйырудағы мақсат – қоғамдық өмірдегі бірлікті, адамдар арасындағы жылылық қарым-қатынасты сақтау. Қандай да бір қоғамда өсек, өтірік, жала жабу сияқты тіл кесапаттары көбейсе, адамдар арасында сенімділік жоғалып, берекетсіздік орын алады. Мұсылмандық әдепте адамның санасына келген ой, ауыздан сөз болып шықпас бұрын жүрек пен ақылдың сүзгісінен өтуі қажет.

Халқымыздың: «Сөз қадірі – өз қадірің» деп айтқанындай адамның сөйлеген сөзі оның айтқысы келген сезімін білдіріп қана қоймай, мінезі мен тәрбиесін де көрсетеді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: