«1 айда 1 кітап»: психологиялық кітап талқыланды
Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінде бесін намазынан соң жиылған жамағатқа мешіт имамы Сапарбеков Ержан «1 айда 1 кітап» жобасы аясында жастармен психологиялық кітап оқып, талқылады. Аталған жоба бойынша Аид әл-Қарнидің «Мұнайма» кітабы таңдалған. Бұл кітап адамға мықты мотивация береді. Депрессиядан шығарып, стресстен арылтады. Бұл мотивацияның қайнар көзі – Құран мен хадис. Мысалы, «Егер сен ауырып қалып, Құдайға шағымданғың келсе, алдымен ауырмаған күндеріңді санап көрші. Бір дүниеңнен айрылып қалсаң, айрылмаған дүниеңді санап көр».
Жамбыл аудандық мешітінің
Баспасөз қызметі