Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің имам Көпбосынов Асхаттың бастамасымен Шу қаласының тұрғынына қаржылай көмек көрсетілді.
Тәтті ауылы тумасының Шу қаласында тұрып жатқан үйі түгелдей өтқа оранған. Үйдегі жиһаздар мен тұрмыстық құрылғылар, сонымен қатар үй құжаттары да өртеніп кеткен. Алланың қалауымен адам шығыны жоқ.
Тәтті ауылы тұрғындары қаржы жинап ағамыздың есеп шотына аударып, жөндеу жұмыстарына деп жаңа есік алып берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі