#Меркі ауданы: Зейнетке шыққан ағамызға шапан жабылды

#Меркі ауданы: Зейнетке шыққан ағамызға шапан жабылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты «Ботбай ата» мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбай ағамыздың иығына шапан жапты.

Меркі ауданы, Қостоған ауылы «Ботбай ата» мешітінде 14 жыл қызмет атқарған ағамыздың еңбегін ескеріп, зейнетке шықанын естіген Азамат Берікұлы ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген соңғы үлгідегі шапан жауып, ағамызға ұзақ ғұмыр, алдағы қызметінде абырой-бедел тілеіп, ағамыздың дұғасын алды.

Алла Тағала дін жолында қызмет атқарып жатқан имамдарымызға күш-қуат, жеңілдік берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: