Меркі ауданына қарасты мешіт қызметкерлері жағдайларын айтып, көмек сұрай келген отбасылардың қолын бос қайтармауға тырысуда.
Тәтті ауылының имамы Асхат Көпбосыновқа ауыл тұрғыны анасының сырқаттанып жатқанын айтып, азық-түлікпен қарайласа аласыздарма деп өтініш айтып әпкеміз келген. Ауыл имамы бірден қолға алып, жамағатты ұйымдастырып, дереу әпкемізге күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікті үйіне жеткізіп берген.
Екінші имамымыз Т.Рысқұлов ауылының имамы Көктал Мадияр мешітке кілем жағынан көмектесе аласызба деп көмек сұраған қарындасымызға екі кілем сыйға тартқан.
Алла Тағала имамдарымыздың дін жолындағы амалдарын қабыл етіп, еселеп сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі