Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Меркі ауданына қарасты имамдар алқалы жиында бас қосты.
Жиналыс Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен өтті. Алқалы жиында қасиетті Құрбан айттың ұлық мейрам екені айтылып, халықтың санасында мереке ретінде қалу керектігін атап өтті. Сол үшін әр мешіт өз жамағаттарымен ақылдасып, шамасына қарай ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, спорттық шаралар қой көтеру, гір тасын көтеру, білек күшін сынау, арқын тарту жән т.б. шаралар ұйымдастыруды тапсырды. Мешіт ауласына Құрбан айтқа қатысты баннерлер ілуді бұйырды. Мешіт ішкі-сыртқы тазалығын қадағалуды тапсырды.
Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі