Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен аудандық орталық «Меркі ата» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – жат ағымнан алдын алу мақсатында «Деструктивті бағыт – дін емес» атты семинар өтті.
Аталмыш семинарға Меркі ауданына қарасты дін қызметкерлері қатысты. Қоғамда өзекті болған жат ағыммен күрес жолдары талқыланып, әдіс-тәсілдер қолдану арқылы деструктивті діни бағыттардың алдын-алу бойынша жұмыстар пысықталды.
Семинарда Азамат Берікұлы сөз сөйлеп: «Ең бірінші қызметкердің өзі білімді болу керек деп, жат ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, дін қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Екінші адамды жат ағымдардың жетегінде кетуден тосатын бірден-бір дүние – салт-дәстүрімізді берік ұстану. Дәстүрімізді дәріптеп насихаттау керек. Әлбетте, басқа түскен індеттен қашып емес, шешіп қана құтыла аламыз», - деп атап өтті.
Семинар соңында қатысушыларды сыни ойлауға көңіл бөлуге, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін сауатты пайдалануға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Март 2026
26 Рамадан 1447

