#Байзақ: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ ӨТТІ

#Байзақ: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлының төрағалығымен өткен жиында аудан бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, психолог маман Усербаева Айгерім Талғатқызы, Сарыкемер ауылдық округінің ардагерлер кенесінің төрағасы Жұмағұлов Жиенғали, әкелер кенесінің төрағасы Бақтияров Кеңесбай, аналар кеңесінің төрағасы Қапбарова Шырын және ауыл имамдары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі және қызғаныш сипатындағы түсініспеушілік сынды жайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Ал, біздің мемлекетіміз үшін әйел – ананы қорғау ерекше мәселе. Расында әрбір әйел отбасының ұйытқысы. Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғамның қарыштап дамуына қарамастан әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және ұрып-соғу және олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істер санының азаймауы дәлел.

Тақырып аясында аудандық мешіттің наиб имамы Бердалиев Мұхит, Бурыл ауылдық мешітінің имамы Тілеуқұлов Қанат, Кеңес ауылдық мешітінің имамы Жайлауов Ғали және Ақжар ауылдық мешітінің имамы Туганасов Бауыржан өз пікірлерімен бөлісті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: