#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ «КЕҢЕС» АУЫЛЫНДА

#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ «КЕҢЕС» АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің жамағатына «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Жұма намазында Бақытбек Бауыржанұлы: «Хакім Абай атамыз: Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс...», – деп, мұсылман адам бес парызын толығымен орындау керектігін айтқан. 

Асыл дініміздегі бес парыздың бірі болған қажылық ғибадатын халқымыз ерекше құрметтеген. Оны «Ұлы сапар» деп атап, қажылыққа барып келген кісіні «қажы» деп қадірлеп, төрге шығарып, батасын алуға тырысқан. Шаңырағына қажы адам қонақ болып түскенде нәрестелі болған үй перзентіне Қажыгелді, Қажымұрат, Қажыбай деген сынды есімдер қойған», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: