"Имам - ізгі қоғам жаршысы" атты V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың таныстырылымына арналған жиынынан соң ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев облыстағы діни ахуалға қатысты бірқатар мәселелерді көтеріп өтті.
Оның ішінде келе жатқан Құрбан айт мерекесін өткізу, айт намазын уақытылы орындау, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ауылдық мекендегі молдалардың білім деңгейін арттыру, шәкірт тәрбиесі де сөз болды.
Облыс бас имам Құрбан айтқа қатысты іс-шаралар ұйымдастыру турасында тапсырмалар жүктеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ