V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың таныстырылымы жиынында "Қажының рухани келбеті" тұғырнамасы түсіндірілді.
Аталған құжатты Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қажылық бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев түсіндіріп өтті.
Тұғырнаманы қабылдаудағы мақсат, онда көтерілген мәселелер, қажылыққа және қажыларға қойылатын талаптар, бүгінгі күнде түйіткілді болып отырған мәселердің шешімі жеткізілді. Қажылық мәдениеті және оны сақтау, қажылыққа баратын жамағатқа аталған мәселелерді дұрыс жеткізу тапсырылды.
Сонымен қатар Жамбыл облысы Дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Ахметұлы сөз сөйлеп, ҚМДБ атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерін тілге тиек етіп өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі