Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының жетекшілігімен құрбан айтқа байланысты ауыл имамдарының жиналысы өтті. Жиналысқа «Байзақ баба» мешітінің наиб имамдары, іс басқарушы және ауыл имам-молдалары қатысты.
Қанат Әділханұлы: «Жиналысқа уақытында келу, 2024 жылға газет журналға жазылуды қазірден бастап қолға алу керектігі, құрбандық шалатын жерлердің таза болуы, шалынған құрбандықтардың мұқтаждарға уақытында жеткізілуін қадағалау және орталыққа құрбандықтың есебін уақытында жіберу керектігі, жоспар бойынша қазан айында курс өтетіндігін және тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу шарасын жүзеге асыру керектігін», - айтты.