Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылы «Көгершін» мешітінің имамы Ерметов Қайраттың ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды. Қайырымдылық ауылдағы 15 тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға ақшалай көмек берілді.
Ислам өзгеге жәрдем беруді бұйыратын дін. Адамзат тарихына үңілгенімізде, Исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі. Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше Алла оның мүлкіне береке беретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады».
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі