#Байзақ: «ИХСАН – ТАҚУАЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ІЛІМ» АТТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ИХСАН – ТАҚУАЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ІЛІМ» АТТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім» атты ауыл имамдарына семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және ауыл имам-молдалары қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім. Ал тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды. Шариғи мағынасына келсек, «күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау» деген мағыналарды білдіреді. Күнә мен қателікке ұрындыратын істерден сақтану – тақуалықтың белгісі.  

Бір күні Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) деген сахаба тақуалық туралы сұраған кісілерге былай деген екен: «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жолмен жүріп көрдіңіздер ме?», - деп. Сонда оған: «Иә, өттік» деп жауап береді. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) тағы да: «Олай болса, сол жерден өткен кезде не істедіңіздер?» – деп, кері сауал қояды. Олар: «Тікеннен сақтанып өттік» деп жауап береді. Сонда әйгілі сахаба: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», - деп түсіндіріп берген екен», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: