#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ «ҮЛГІЛІ» АУЫЛЫНДА

#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ «ҮЛГІЛІ» АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық «Әбдімажит» мешітінің жамағатына облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Есет Таласбаев уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Есет Таласбаев : «Исламның бес тірегінің бірі – қажылық құлшылығы. «Қажылық» الحَجُّ (әл-хажжу) сөзі араб тілінде «құрметті орынды зиярат ету» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатымызда ай күнтізбесі бойынша зул-хижжа айында Алла Тағалаға құлшылық ету үшін қасиетті Меккеге барып, бекітілген рәсімдерді орындауды қажылық деп атаймыз. Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жарамды және қаражаты жететін мұсылманға өмірінде бір мәрте қажылыққа бару – парыз. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 97-аятында: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал егер кімде-кім күпірлік қылып, қажылықты жоққа шығарса, (біліп қойыңдар), Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше бүкіл ғалам Оған мұқтаж», – деп айтып өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: