#Жамбыл: Қажылық – бес парыздың бірі

#Жамбыл: Қажылық – бес парыздың бірі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали-қалпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан мешітке келген жамағатқа қажылық турасында уағыз айтты. Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жарамды және қаражаты жететін мұсылманға өмірінде бір мәрте қажылыққа бару – парыз.

 Қажылық құлшылығының өзге құлшылықтардан біршама өзгешеліктері мен ерекшеліктері бар. Жалпы алғанда құлшылықтар орындалу барысына қарай дене және дүние-мүлік арқылы екіге бөлінеді. Ал қажылық – дене әрі дүние-мүлік арқылы орындалатын бес парыздың бірі. Асыл дініміздегі бес парыздың бірі болған қажылық ғибадатын халқымыз ерекше құрметтеген. Оны «Ұлы сапар» деп атап, қажылыққа барып келген кісіні «қажы» деп қадірлеп, төрге шығарып, батасын алуға тырысқан.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: