Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешіті мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні қайырымдылық жасалды. Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қатысқан іс-шарада әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасына көмек берілді.
Аталмыш шарада 150 мың теңге қаражат жұмсалған. Осы жалған өмірде қандай да бір игі, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын! Алла Тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі