Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы Меркі ауданына қонақ болып, орталық «Меркі ата» мешітінің жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді.
Бесін намазына жиналған жамағат, алдымен әрбір мұсылманға парыз болған бесін намазын оқып, артынан елімізге танымал уағызшы Қанат Жұмағұл ұстазымыздың уағызынан нәр алып қайтты. Уағыз әділдік тақырыбында өрбіді.
Соңынан жамағатпен елімізге, жерімізге дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі