#Меркі ауданы: Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесу

#Меркі ауданы: Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері ауданға қарасты ТЖ қызметкерлерімен кездесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Кездесу барысында Азамат Берікұлы Ислам дінінің негізгі құндылықтарын айтып, жат ағымдардың пайда болу себептеріне тоқталды. Дәстүрлі Ислам діні – Аллаһ Тағаланың тарапынан түскен дін. Сондықтан Ислам дінінің негізгі құндылықтарына терең көңіл бөліп, жете түсінікпен қараған жөн. Дін деген нәрсе өте нәзік, дінді бұрмалауға болмайды, негізсіз бұрмаланса онда адасуға апарып соғады. Содан барып, негізі жоқ жат ағымдар пайда бола бастайды. Негізі жоқ болған соң, экстремизм, терроризм пайда болады. Ислам дінін жамылып, дәстүрлі дінімізді қаралап террорлық топ құрғандардан, қаншама жазықсыз жандар зардап шегуде. Мұндай әрекетті Ислам діні құптамаса да, осылай болу керек деп Ислам дініне дақ жағуда. Мұндай теріс ұғым сауатсыздықтың салдарынан. Дәстүрлі Ислам дінінің қағидаларын жете түсінбегендіктен. Сол себепті, қандайда бір дін мәселесі туындаған жағдайда немесе дінді үйрену мақсатында жергілікті мешіт қызметкерлерінен сұраған жөн болатынын атап өтті.

Жиын соңында ұжым мүшелерінің толғандырған сұрақтарына бас имам жауап беріп, еліміздің амандығы үшін дұға жасап қоштасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: