Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде РАНТ мүшесі, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл аудандық мешіт жамағатымен кездесті. Келелі кездесуде халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қорыта келгенде әрбіріміз сауатты болу үшін білім алуға міндеттіміз. Зайырлы біліммен қатар діни білім алу да маңызды. Мұсылман адам жан-жақты болуға талпынса, көштен қалмасы анық. Олай болса, дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін білімді де, сауатты болуға талпынайық!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі