#Рысқұлов: Құранға түскен шәкірттер марапатталды

#Рысқұлов: Құранға түскен шәкірттер марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық «Қорағаты» мешітінің имамы Байғожаев Нұрдәулет пен мешіт ұстазы құранға түскен шәкірттерді марапаттады. Шәкірттерді діни ілімге және Алланың кәләмы Құранға қызықтыру, ынталандыру мақсатында әрқайсысына ақшалай сый - сыяпат табысталды.

Білім алу – дініміз бойынша маңызды әрі хайырлы іс. Әрбір мұсылман адам, еркек болсын, әйел болсын білім алуға ұмтылуы тиіс.

 Дініміз бойынша білім алу – құлшылық болып табылады. Білім алу – бұл құлшылық, Құранды оқу мен оқығаныңды көңіліңе тоқу – құлшылық, тіпті білім алу үшін бір жерге баруыңның (мысалы, мектепке, университетке және т.б.) өзі – құлшылық.

Өзге бірде-бір дін немесе діни сенім, ислам секілді білім мен ғылымға көңіл бөлмейді. Дініміздегі білімнің маңыздылығын пайғамбарымызға (с.ғ.с) алғаш түскен Құран аяттарына қарап, білуге болады. Ол аяттарда: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Сенің Раббың аса Жомарт. (Ол) қалам арқылы үйретті. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйретті», – деп айтылған.

 Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: