Жамбыл ауданы орталық «Жастар орталығында» ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастар арасында «әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді. Әке - ең құрметті ұлы есім. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Отбасы үшін әкенің орны бөлек. Әке - бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі.
Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Хадис Шариф айтқандай «Әке перзентіне жақсы тәрбиеден артық сыйлық бере алмайды». Себебі бала тәрбиесінде әкенің берері мол. Әке бала үшін жүріс - тұрысы, өзін - ұстауы, сөйлеуі арқылы үлгі өнеге. «Әке көрген оқ жонар» демекші балаға деген қарым - қатынасы мен сүйіспеншілігі арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіре алады. Бала бойындағы батылдық, сабырлық, өжеттілік, мәрттік, өмірдің қиындықтарын мойымай көтеретін табандылық қасиеттері әке арқылы қалыптасады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі