Талас ауданы, Тамды ауылы, "Тәңкібай ата" мешітінің имамының ұйымдастыруымен балалар мерекесіне орай балаларға балмұздақ пен тәттілер таратылды.
Шараның мақсаты - балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, мәре-сәре қылып қуанту болатын. "Бала көңілі-бал" демекші, Пайғамбырымыз (с.ғ.с) балаларды ерекше жақсы көретін еді. Олардың басынан сипап, өз тілдерінде тілдесетін еді. Сол Әзиз жанның (с.ғ.с) сүннетін тірілту бір шетінен құнды болды. Елдің болашағы өскелең ұрпақ мешіттің жақсылық, ынтымақ, кеңшіліктің ордасы екенін біліп өскені әрбіріміздің көңілімізге қуаныш сыйлайды!