#Рысқұлов: РАНТ мүшесі уағыз айтты

#Рысқұлов: РАНТ мүшесі уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде Байзақ ауданының бас имамы, РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл ұстаз келіп «Мәзһаб ұстанудың артықшылығы» тақырыбында уағыз насихат жасады.

Қанат ұстаз насихатын: «Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Алайда ол ерігіп отырған біреудің «дінде бір жол салайын» деп ойынан шығара салған ісі емес. Мәзһаб – ол Алла Тағаланы құлдарына деген рақым-мейірімінің көрінісі. Мәзһаб ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мақтаған Исламдағы алғашқы үш ғасырдың бірінде қалыптаса бастаған. Шариғатта «мәзһаб» деп арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын айтады. Әр мәзһабтың басында мүжтаһид имамдар тұрады. Мүжтаһид «ижтиһад» деген сөзден туындайды.Ижтиһад дегеніміз – ғалымдардың белгілі бір мәселеде құран, хадис, ижмағ, қиас секілді шариғи қайнаркөздерден діни үкім шығаруы. Мысалы, Ханафи мәзһабының имамы Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит Құран мен Сүннетті әбден зерттеп-зерделеп шығып «Намаздың мынадай парыздары бар. Оларды орындамасаң намаз дұрыс болмайды» деген үкім шығарады. Содан соң негізгі қайнар көздерді тағы да қарастыра келе «Намазды бұзатын жағдайлар мыналар» деген қорытынды шығарады», - деп бастады.

Қуаныш  Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: