#Рысқұлов: Жат діни ағымдардан сақтандыру жұмысы жүргізілді

#Рысқұлов: Жат діни ағымдардан сақтандыру жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов аудандық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғат Абай ауылдық орта мектебінде жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «Ислам және бейбітшілік» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жасады.

 Талғат имам бір сөзінде: «Құран Кәрімде: Ата-аналарыңмен, туған-туысқандарыңмен, жетімдермен, қамқорлық қажет болған адамдармен, алыс-жақын көршілеріңмен, достарыңмен, қол астындағы қызметкерлеріңмен жақсы мәміледе болыңдар!» (Ниса сүресі, 36 аят) Пайғамбарымыз көрші хақы туралы хадисінде: «Егер көршің басқа дін өкілі болса онда бір хақысы бар (көрші ақысы) дегендей өзге дін өкілдерінің сеніміне, ұстанымына құрметпен қарауды пайғамбар сүннетінен таба аламыз. Дана халқымыз: «Ырыс алды – ынтымақ, бірлік болмай - тірлік болмас» дейді. Сондықтан бейбітшілік ұғымы тек діндердің, өркениеттердің арасында ғана маңызды емес, бір діннің ішіндегі мазхабтар арасында да, жамағат арасында да маңызды. Тіпті ел ішіндегі бірлік пен татулық сыртқы татулық пен түсіністіктен де жоғары маңызға ие деуге болады», - деп тоқтала кетті.

Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: