#Рысқұлов: «Әке мектебі – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

#Рысқұлов: «Әке мектебі – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболаттың арнайы қатысуымен Қаныш Сәтбаев  атындағы №7 мектепте оқушылармен «Әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ауылдық әкімшіліктегі  діни мәселелерге жауапты Мұхтаров Нұржан және мектепте дінтану пәнінің мұғалімі Дінислам Нәкенов қатысты. Әкенің отбасындағы орнын ауыл имамы кеңінен айтып, жастарды отбасының тірегі болған әкені құрметтеуге, қадірлеуге және бас иіп бағынуға шақырды. Іс-шараға қатысқан 3 спикер тақырып төңірегінде маңызды әрі пайдалы мағлұматтарды бере білді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: