Әйел-қыздар секторы волейбол ойынын өткізді

Әйел-қыздар секторы волейбол ойынын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. 

Нәзік жанды жамағатты салауатты өмір салтына баулу, пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін насихаттау мақсатында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Тараз-Арена" спорт кешенінде волейбол ойыны ұйымдастырылды. 

Қыздар топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті. Айта кетейік, спорт қыз-келіншектердің денсаулығына ғана емес рухани тыныштығы, сергуі үшін де пайдалы. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: