Шу ауданы "Жиенбет Жексенбай" мешітіне қарасты Еңбек бөлімшесінің халқы мешіт соғуды ниет етті. Аталған мешіттің имамы Шүкірәлі Бердібеков осы хайырлы істің басында болып, қазығын қағып, Алладан жәрдем, ынтымақ, береке тілеп, дұға жасады.
Имам жиналған халыққа Алланың үйі кез келген жерде емес, тек Өзінің назары түскен жерде ғана болатынын жеткізді. "Сол үшін Аллаға хамд-шүкір етіп, ынтымақпен атсалысу керек және осы мешіт әр мұсылманның күшімен бой көтерсін, дәулетімен болсын. Тіпті жақсы сөзімен де жәрдемдесуі әркімнің мәңгілікке құйған инвестициясы болып есептеледі" - деп насихат айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі