Шу ауданы "Аманкелді" мешітінде 10 жыл бұрын мектеп бітірген азаматтардың демеушілігімен 5 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Азық-түлік түрінде көрсетілген жәрдем үшін 130 000 теңге жұмсалды.
Осындай игілік көршілес ауылда да жасалып, мешітте қой сойылып, мал еті мен картоп 4 отбасыға таратылды.
"Қонаев" мешіті де игі істе мұрындық болып, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж қарияға азық-түлік жеткізді.
Сонымен қатар "Алға" ауылында мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған түлектер бірлесіп қой сойып, 5 отбасыға азық-түлік қосып табыс етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі