#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің мәдениет үйінің меңгерушісі  Тленов Нұрланың ұйымдастыруымен «Отбасы мектебі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Кездесуге Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, «Түймекент» мешітінің имамы Абдуахад Абдуманан және психолог Ұлданай Садуақасқызы қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Отбасы – қоғамдағы ең маңызды институт саналады. Онда әркімнің ең жақын туыстары мен қымбатты жандары өмір сүреді. Жанұяның әрбір мүшесі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Сәйкесінше ақпарат алмасу, құндылықтарды сіңіру үрдісі де жоғары деңгейде орын алады. Алайда, бұл қатынастар қазіргі кезде кері көрініс тауып жатқан жайттар да бар. Қазіргі кездегі теріс діни ағым өкілдерінің ашық ақпараттық қоғамнан оқшаулануы осыны айғақтай түсуде. Өйткені, оқшаулану отбасылық және кіші топтар деңгейінде жүргізілуде. Дәстүрлі жанұяның негізгі мүшелері әке, ана, баладан құралады. Мұндағы отбасылық қатынастың түзілуінде әрбір отбасы мүшесінің өз орны бар. Отбасы институтының бұл ерекшелігі ислам дінінде де ескерілген», - деді.

Кездесу соңында психолог Ұлданай Садуақасқызы өзінің және әріптестерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Аудан имамы сұрақтарға асықпай жауап беруге тырысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: