Қордай өңіріне "Зекет және қайырымдылық" қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Әли Әзімбекұлы мен Жамбыл облысы бойынша "Зекет және қайырымдылық" қорының жауапты өкілі Ержан Маханұлы кәсіпкерлермен жүздесті.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының ұйытқы болуымен өңірдің кәсіпкер азаматтарына ұшыр жайлы семинар жүргізілді.
Орталық мешіттің медресе ғимаратында өткен жиында "ұшыр деген не, ол не заттан, кімге, қанша мөлшерде беріледі" деген сауалдар қозғалды. Көпшіліктің сұрақтарына жауаптар беріліп, ұшырдың пайдасы мен сауабы тілге тиек болды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі