Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының ұйымдастыруымен өңірдің еркіті жастарымен кездесу өтті.
Шараға "Зекет және қайырымдылық" қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Әли Әзімбекұлы мен Жамбыл облысы бойынша "Зекет және қайырымдылық" қорының жауапты өкілі Ержан Маханұлы қатысты.
Мамандар жастарға елге, дінге, тілге қызмет етуді насихаттап, игілікке шақырды. Жалынды сөздерімен, уағызымен қатысушыларға рухани жігер берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі