Қаратау қаласы "Әбдірашит ата" мешітінің ұстазы, жастар ісінің Талас ауданы бойынша маманы Жанұзақ Рысбекұлы Талас ауданы, Бостандық ауылы №34 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде "Тәні саудың жаны сау" атты іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты, ұжым қызметкерлеріне және бапкерлерге өзіміздің дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттау. Сол арқылы еліміздің еңсесін көтеріп, көк туды желбірететін жам өрендердің рухын көтеру, белін буу. Аталған іс-шарада ұлттық рухымыз қамтылған ислам дінінің құндылықтары оның ішінде қоғаммен мәміле этикасы баса айтылды. Қойылған сұрақтарға орамды ой қосып, тұшымды жауаптар берілді.