Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа «ихсан ілімі» бағыты аясында «ислам және көркем мінез» тақырыбында уағыз айтты.
Мінез – кез келген адамның айнасы. Мінез туа біте қалыптасқанымен оны түзеуге болады. Дана халқымыз «Мінезсіз адам – жеміссіз ағаш» дейді. Бабаларымыздың жайлы мінезі жайлы адамды «жайдары, ашық, ақкөңіл адам» деп айтқаны содан.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі