Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірнеше ауылдық мешіттердің аулаларына тазалық жұмыстары жасалды.Атап айтар болсақ, Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешіті және Құмарық мешіттерінің аулаларының арам шөптері шабылып, тазартылды.
«Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті басшылыққа алған мешіт қызметкерлері мен жамағаты осынау іс-шараны қолға алып, бір кісідей атқарды. Алланың үйлеріне бір Алланың разылығын қалап қызмет қылған бауырларға мешіт имамдары рақмет айтып, олардың хақына дұға қылды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі