#Рысқұлов: Интернет және діни талас

#Рысқұлов: Интернет және діни талас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық «Көгершін» мешітінің имамы Қайрат Ерметов ауылдың орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу мектеп оқушыларын жат ағымның зардабынан сақтандыру мақсатында «Интернет және діни талас» тақырыбында болды. Кездесуге мектеп оқушыларымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог және класс жетекші қатысты.

Қайрат имам насихатында: «Күллі адамзатқа ортақ құндылықтардың бірі – дін. Дін рухани байлық пен ізгіліктің, татулықтың, сабырлықтың, төзімділіктің, барша жақсылық атаулының бастау жолы. Ислам дінінің де ең басты ұстанымдары бейбітшілік, әділеттілік, сабыр, білімділікпен қатар тізбектеп айтатын болсақ, адамзат баласының ең жоғарғы құндылықтары болып табылады. Алла Тағала қасиетті Құранда былай деп айтады: «Негізінде Алла әділеттілік пен игілік-жақсылықты және де ағайын-туысқа қарасып, жәрдем етуді әмір етуде. Және де арсыздыққа, жамандық жасауға һәм азғындыққа тиым салуда. Сөздерінде тұрар, ойланар деп Ол сендерге насихат беруде».

Рухани құндылықты ғаламтордан, желіден емес халқымыздың жүріп өткен жолынан, бай мұрамыздан, мешіттеріміздегі имамдарымыздан, ресми діни басқармаға тиесілі сайттардан, заңды дереккөздерден іздеген абзал болады! Алла Тағала ұрпақтарымыздың салиқалы, саналы, иманды болып өсуін нәсіп етсін!" - деп айтты.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: