Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылы «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан қасиетті жұма күні қарсаңында «жомарт жұма» акциясын өткізді. Ауыл имамы қайырымдылық акциясында ауылдағы тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж 5 отбасыға азық-түліктей жәрдем берді.
Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан.
Адамзат тарихына үңілгенімізде, Исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі