Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтановтың бастамасымен ауыл мешітінің алдына шатыр салынды.
Мешіт шатырын мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер демеуші болып естелік ретінде және Алланың үйіне жасаған жақсылығы ретінде салып берді.
Қайсар имамның бір ауыз ұсынысын құп көріп, Алланың разылығын қалап, жасаған жақсы амалдарын Алла қабыл алып, мол сауаптан жазсын. Мешіт имамы жастардың жасаған жақсылықтарына риза болып, ақ батасын берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі