Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінде құптан намазына келген жамағатқа мешіт имамы Ержан Сапарбеков «жат діни ағымдардан сақтану» бағыты аясында «Мадхализм жамағаты жайлы» насихат айтты. Мадхалиттер – Рабиғ ибн һади Ғұмайр әл-Мадхалидің көзқарасын ұстанатын, «шариғат негізінде қоғам құруға» бағдарланған сәләфилік сенімдегі жамағат.
Бұл жамағат 1990 жылдардың басында Сауд Арабиясында орын алған саяси жағдайларға байланысты, сәләфия өкілдерінің ортақ ұстанымы жоқтығы себебінен пайда болған бірнеше қозғалыстың бірі ретінде қалыптасты.
Қорыта айтқанда, кез-келген сәләфилік идеологиядағы топтар секілді, мадхали жамағаты да ұлттық рухани тарихты жоққа шығара отырып, өздерін «шынайы» Исламды таратушы жамағат ретінде танытуға тырысатынын, сол арқылы дәстүрлі қоғамның рухани негіздерін ыдыратуды, діни-ұлттық бірегейлікке нұқсан келтіруді, ішкі тұтастықты бұзуды көздейтінін айта кеткеніміз жөн.
Жамбыл аудандық мешітінің Баспасөз қызметі