Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы ауылдың жасөспірім балаларына ихсан ілімі бағыты бойынша «Ата ананың қадірі» атты рухани тақырыпта уағыз - насихат айтты. Кездесудің ерекшелігі - уағыз ауыл сыртында көгалда өтті.
Ауданның бас имамы сөз басында ата-анаға жақсылық қылу турасында Құраннан мына бір аятқа тоқталды: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар». Аяттың қысқаша түсіндірмесінде: Алланың жалғыз екеніне иман келтіріңдер Оны ұлықтаңдар Оған серік қоспаңдар. Сендерді өсіріп, өндірген ата-аналарыңа жақсылық жасауды, қарайласуды өсиет етемін,- деп келеді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі