#Рысқұлов: Бала – ата-ананың, қоғамның айнасы

#Рысқұлов: Бала – ата-ананың, қоғамның айнасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық «Ақыртөбе» мешітінің имамы Нұрпейсов Батыр ауылдың № 14 орта мектептің акт залында өткен тәрбиелік іс-шараға қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға мектептің директоры, психологы және мектеп оқушыларының ата-аналары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Бұл рухани және тәрбиелік іс шара «Бала – ата-ананың, қоғамның айнасы» атты тақырыпта өтті.

Батыр имамға сөз берілгенде баланың рухани тәрбиесі, имандылығы және дінге деген көзқарасы турасында ой қозғап, ғибраты мол уағыз-насихат жасады. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал, - деп, мектеп мұғалімдеріне артар жүктің аз емес екендігін жеткізді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: