Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің әлеуметтік желісі арқылы көмек сұрап қайырылған жанға көмек көрсетілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы тікелей көмек сұрауға қысылған апамыздың өтінішін жерге тастамай көмек қолын созып, қаражатты үйіне жеткізіп берді.
Апамыздың қызы тумасынан омыртқа ауыруына шалдыққан екен. Сол қызын Астана қаласына тексертуге апармақшы екен. Қаражат жағынан қысылып, мешіттен көмек сұраған екен.
Алла Тағала барша ауырып, сырқаттанып жатқандарға шипасын беріп, зор денсаулық нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі