Меркі ауданына қарасты Т.Рысқұлов ауылы тұрғындары күннің суып, шөптің көтерілмеуі мен жаңбыр жаумай қуаңшылық салдарынан Аллаға жалбарынған күйде тасаттық берді.
Ауыл тұрғындары ауыл имамымен ашық алаңға жиналып, истисқа намазын оқып, дұға тілеп, еккен егіннің, төрт түліктің шөбінің берекесін тілеп Аллаға сиынды. Ауыл болып жиналып, екі рет қатарынан тасаттық беріп, ақ дастархан жайып, қонақтарға ас беріп, Алладан жарылқау тіледі.
Алла Тағала дұға тілектерін қабыл етіп, берекелі жаңбыр жаудырып, жерден өндіріп бергей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі