Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін қорғаған кешегі ер бабаларымыз шайтанның суы былай тұрсын, доңыз жүріп өткен жерге астындағы атын жаймайтын текті еді ғой. Сол тектілігіміз бойға тараған арақтың уытымен бірге жоғалып бара жатқандай.
Сол себепті имамдар өз насихатында арақтың зияндығын айтып, тиылуды үгіттеуде. Шу ауданын Бөлтірік шешен ауылы "Бөлтірік шешен" мешітінде "Арақ - атаңнан қалған ас емес" тақырыбында уағыз айтылды.
Шараға ауданның бас имамы Бахтияр Амиреев арнайы барып, ішімдіктің зияндығы, харам екені, Алланың тиым салуы туралы насихат жүргізді.
Жиынға ауыл ақсақалдары, тұрғындар, ауыл учаскілік полициясы, белсенділер қатысты. Көпшілік сауалына жауап алып, отбасы берекесінің жауы болған арақпен бірге күресуге уағдаласты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі